Ди Каприо «Оскар» сыйлығына ие болды

Осымен 88 рет ұйымдастырылған шарада «Оскар» алғандар аз болған жоқ. Dolby Theatre сахнасында өткен салтанатты шарада ең көп жүлдені «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» фильмі жеңіп алды. Бұл фильмге 6 «Оскар» бұйырды. Ал, жылдың үздік фильмі ретінде қазылар «Басты назарда» фильмін атаған. Үздік режиссер ретінде «Оскар» сыйлығы «Оралған аруақ» фильмін түсірген Алехандро Гонсалес Иньярритуға берілді.

«Оскар» жүлдесі бұйырған актерлердың арасында «Шпиондар көпірі» фильмінде ойнаған Марк Райлэнс те бар. Ол «Екінші пландағы үздік актер» аталымы бойынша жүлдеге ілінді. «Екінші пландағы үздік актриса» аталымы бойынша «Дат қызы» фильмінде ойнаған Алисия Викандерге «Оскар» сыйлығы бұйырса, «Үздік түпнұсқа сценарий» аталамында «Оскар» сыйлығы «Басты назарда» фильмінің сценарийін жазған Джош Сингер, Том МакКартиге берілді.

Ал, «Шет тіліндегі үздік фильм» атағына лайық деп «Саулдың ұлы» фильмі, үздік оператор ретінде «Оралған аруақ» фильмінің операторы Эммануэль Любецки танылды. Салтанатты шарада деректі фильм, анимациялық фильм, әуен, монтаж, дыбыс монтажы, үздік костюм сынды бірқатар номинацияларда жүлде тапсырылды.

ДереккөзKazNews