Заңға енгізілген өзгерістер нарықтағы жағдайды нашарлата түсуде

Қазақстандық туризм нарығынан тағы да маза қашты. Биылғы жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «ҚР Туристік қызмет туралы» Заңындағы түзетулерге қатысты қызу пікірталастар әлі күнге толастар емес. Ойыншылардың бір бөлігі өзгерістердің енгізілгенін қолдаса, енді бір бөлігі, оның ішінде, Қазақстан Туристік ассоциациясы (ҚТА) олармен мүлдем келіспейді. Заңға өзгеріс енгізудің не үшін қажет болғаны жайында таяуда құрылған Қазақстан Туристік агенттіктер ассоциациясының мүшелері бірнеше мәрте өз ойларын айтқан болатын. Әдетте ақпарат құралдарына ашықтық танытатын ҚТА басшысы Рашида Шәйкенова бұл мәселеге қатысты осы уақытқа дейін тіс жармай келген еді. Өз ұстанымын жария етіп, ҚТА мүшелерінің неліктен заңға енгізілген өзгерістерді алып тастауын қолдайтынын түсіндіру үшін ол біздің басылымымызға сұхбат беруге келіскен еді.

— Заңға енгізілген түзетулер қазақстандық туристік нарықты екіге бөліп жіберді деуге болады. Қалыптасып отырған ахуалға қатысты сіз не дер едіңіз? Ол түзетулерді неге әркім әр түрлі қабылдауда?

Біз, өкінішке қарай, өз күшіне енгенге дейін өзгертулерді заңға енгізу жобасын қолға алған жоқпыз және заңның ол нормасын талқылауға қатысқан да жоқпыз. ҚТА құрамында нарықта 18-20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әрі үлкен тәжірибеге, әріптестерінің арасында үлкен беделге ие бір топ білікті маман бар. Заңға өткен жылдың жазында енгізілген түзету Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында (ҰКП), туризм индустриясы комитетінде (қазір – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің туризм департаменті – ред. ескертпесі) әлдебір келісімдер арқылы өтіп кеткен, содан соң 2014 жылдың 31 желтоқсанында кенеттен заңда пайда болды, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Жеке кәсіпкерлік туралы заңға және ҰКП-ның құқық белгілеуші құжаттарына сәйкес, нарықтағы жағдайды өзгертетін кез келген заңнамалық акция салалық сараптамадан өтуі тиіс.

Енгізілген түзетулерді біз түбегейлі өзгеріс деп қарастырамыз. Мұның туроператорлар мен турагенттер жұмысына шек қоюға қатысы жоқ. Көптеген кездесулердің, пікірталастар-айтыстардың нәтижесінен нарық құрылымдауына ықпалын тигізе алатын жайттарды көре алған жоқпыз. Қазақстандық туристік ассоциация ҰКП-ға көптеп хат та жазды, біз заңның мұқият ойланбастан, шикі түрде қабылдана салғанын, ол түзетулердің нарықтағы жағдайды нашарлатып жібергені туралы айтып, депутаттарға да жүгіндік.

Қазір осы заңнамалық актіге өз редакциямыз бен дәйектемелерімізді берудеміз. 8 мамырда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваны шақырып, өз ұстанымымызды тағы бір рет жария ету үшін ҚТА кеңесі мен жұмысшылар тобының жиналысын өткіздік. Біз бұл норма туризм саласындағы ШОБ дамуы жолындағы шектеу деп есептейміз, және түзетуді енгіздің мақсаты нарықты құрылымдауға бағытталғанына қарамастан, ол түзету мәселені шешпейді.

Біз бәріміз де шағын бизнеспіз, бізді реттеп отырудың қажеті жоқ. Шетелдік инвесторлар кеңесінде шағын бизнесті қайта реттеу туралы ел президентінің өзі де айтты. ҰКП-да кәсіпкерлік қызметтерді шектеуі мүмкін нәрсенің бәрінде иммунитет болуы тиіс.

— Сонымен, енгізілген түзетуге қарсы негізгі дәйектер қандай?

Олар бірнешеу. Біріншіден, нарықта жеке турларды қалыптастыратын және сатып, жұмыс істейтін туроператорлар өте көп, олар тауашалы туропреаторлар деп аталады. Топқа бағытталып жұмыс істейтін кез баяғыда-ақ өтіп кеткен, бүгін біз сапалы қызметтің не екенін, нақты нені қалайтынын жақсы білетін әрі айрықша назарды талап ететін тәжірибелі

саяхатшылар жұмыс істеудеміз. Ол қалың көп саяхатшының бірі емес. Ал заңның жаңағы бабы тауашалы туроператорлардың кәсіпкерлік қызметіне шектеу қоюда. Көтерме және бөлшек сауда деген ұғым бар, шын мәнісінде, бізге бөлшек саудамен айналысуға тыйым салып отыр. Тауашалы туроператорлар өз қызметкерлерін ұзақ уақыт бойы оқытып келді, оларға қаржы құйды, топ құрды, ал бұл үлкен жұмыс, өйткені жалпы алғанда, туризм индустриясында мамандар дайындау мәселесі бүгінгі күні әлі де жетіле түсуді қажет етеді. Жеке турларды ұйымдастыру бойынша жұмыс істейтін туроператорлар клиенттік базасын жылдар бойы жинастырып келді, енді өздері сатып келген турөнімдерін толық қалыптастырып болған кезде, оны әлдебір турагенттікке беруі тиіс екен сонда.

Тағы бір жайт – корпоративтік клиенттерге арналған іскерлік сапарларға қызмет көрсету келісімі. Ол келісім, әдетте, қызмет жеткізушіге қойылатын барлық талаптар техникалық міндеттемеде ескертілетін тендер негіздерінде жасалады. Тендерге өз қызметтерін шығаратын корпоративтік клиенттердің едәуір үлкен сегменті бар. Компаниялар тендерді кім ұтып алса, сонымен жұмыс істеуі тиіс, тендер шарттарын бұзуға болмайды. Сонда турагенттік турөнімді корпоративтік клиентке қайткенде де сата алмайды, өйткені турагент турөнімді жасамайды.

Бұдан өзге, негізгі клиентке арналған тұтынушылық бағаны әдейі көтеру жайттары да бар. Сонда туроператор турөнімді жасап, белгілі бір бағада турагентке сатады, ал турагент өз кезегінде, комиссиялық төлемін аударады, осылайша тұтынушы нарығы үшін қиынға соғып тұрған уақытта турөнімнің бағасын негізгі клиентке көтеріп сатады.

Заң бұзушы атанбас үшін, туроператорлар турагенттік түріндегі екінші заңды тұлға құруға мәжбүр болуда, ал бұл қосымша қаржылық шығындарға ұшыратады. Енді шын мәнісінде ШОБ-тың жеке өкілі болып табылмайтын заңды тұлғалардың үлкен көлемі құрылуда. Ал турагенттік компания құру үшін ақша, брондаудың онлайн-жүйесі, кассалық аппарат қажет, жұмыс ауқымы ұлғая түскен есепшінің жалақысын көтеру керек. Осының бәрінің құны $10 мыңнан $15 мың аралығын құрайды.

Менің мынадай сұрақ қойғым келеді: сонда ол түзетулер нені жақсартуда?

— Менің түсінуімше, жеке тұлғалармен тікелей жұмыс істей алмайтын туроператор мен турагент арасындағы жауапкершілік шектеліп отыр ғой. Енді туроператорға көбірек жауапкершілік артылуда. Сонда турист былтырғы жылғыдай жағымсыз оқиғалардан сақтандырылады, солай ма?

Жоқ, ол түзетулердің сақтандыруға ешқандай қатысы жоқ.

— Онда оның мәнісі неде, енгізілген түзетулер нарыққа пайдасын тигізе ме, әлде тікелей туристке ме?

Біз де осы сұрақты қойып отырмыз ғой. Онда да заң «Кәсіпркерлік ортаны жақсарту туралы» деп аталады, бірақ шындығында, біз оның нашарлап кеткенін көріп отырмыз. Біз ҰКП-дан: ол түзетудің біздің нарығымыздың игілігі үшін екенін айтыңыздаршы, көрсетіңіздерші, көзімізді жеткізіңіздерші деп өтіндік. Бірақ бір де бір шынайы дәлелді ести алған жоқпыз.

— Сонда, іс жүзінде, «турагент» және «туроператор» ұғымдарының шектеліп қалғаны ма?

Олар онсыз да шектеулі: туроператор лицензияланады, ал турагент лицензияланбайды. Турагенттің шетелдік серіктестермен тікелей жұмыс істеуге құқығы жоқ, ондай құқық тек туроператорға ғана берілген.

— Енгізілген түзетулерден көп зардап шеккен тауашалық операторлар болып отыр ғой. Мен мәселенің ауқымын түсінсем деймін. Мысалы, ҚТА мүшелерінің арасында ондай туроператорлар қанша?

Біздің нарықта небәрі бірнеше туроператорлар-чартер ұстаушылар ғана бар, мен оларды тізбелеп айтып бере аламын. Олар KOMPAS, Tez tour, TRAVELSYSTEM, Kazunion. Операторлардың келесі сегменті – негізгі туроператорлардан борттардағы орындардың блогын сатып алатын блокшылар деп аталады, және ең соңғы үлкен сегмент – тауашалы туроператорлар. Мысалы, ҚТА-ның негізгі 164 мүшесінің 90%-ы – дәл осы тауашалы туроператорлар.

— Салалық ассоциация басшысы ретінде сіз өз мүшелеріңіздің мүддесін қорғауға тиіссіз, ол түсінікті. Бірақ туристі кім қорғайды?

— Сонда жолдаманы сатып алу үшін туроператорға емес, турагентке келгеннен турист не ұтады?

— Алдағы ыстық маусымды қауіпсіз ету үшін сіздер қандай шаралар ұсынып отырсыздар?

Қазір ҰКП-да да, туризм департаментінде де туристерді қорғау жөніндегі әлдебір қорды құру идеясын қызу талқылауда, оған барлық турфирмалар белгілі бір сома аударуға тиісті.

— Бұл «Байтақ» өндірістік кооперативі мен «ҚТАА» салалық ассоциациясының жұмыс ұстанымдары ғой.

Туристерді қорғау қоры тәуелсіз құрылым болуы тиіс, оның құрылтайшысы туристік сақтандыру бизнесі болуы мүмкін, қорды басқаруды директорлар кеңесі таңдаған адам жүзеге асырады, онда меморгандар, депутаттар, ҰКП, салалық бірігулер, туроператорлар мен турагенттер көптеп қатысуы тиіс. Жұрт жеке қорға бармайды, өйткені бұл жердегі басты мәселе – сенім. Құрамында түрлі инстанциялардың өкілдері бар, шешімдер ұжымды түрде қабылданатын, құрылымы таза қор ғана сенім тудырады.

Қорға құйылатын жарна сомасын туристік қызметтер саласындағы шағын бизнес кәсіпорындарындағы шынайы жағдайларға сәйкес, директорлар кеңесі анықтауы тиіс.

Осылайша, мен туристік нарықтағы ахуалды тұрақтандырудың сақтандыру және осындай қор құру сияқты екі құралын ғана көріп отырмын.

— Туризм объектісін емес, субъектісін, яғни, тікелей туристерді сақтандыру керек деген идеяны қолдайсыз ба?

Оның еш жаңалығы жоқ, сақтандырушылар бәрімізге де сақтануды ұсынады. Сақтандырудың екі түрі бар – турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі және туристерге арналған медициналық сақтандыру. Біздің туристеріміз Шенген визасын алуға құжат тапсырған кезде ғана міндетті түрде сақтандыруды рәсімдейді, онда да, ең арзанын алады. Бұл біздің сақтандыру мәдениетіміздің төмендігі, біз бұл жайлы сақтандыру нарығына баяғыдан-ақ айтып келеміз.

Егер нарықты сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мәселесіне келсек, біз туроператорлар мен турагенттер үшін сақтандыру сомасын ұлғайтатын кезге жақындап қалдық. Нарықтағы ойыншылардың жауапкершілігін арттыратын өркениетті құралдар жетіп артылады, бірінші кезекте, ол сақтандыру құралы. Біз олардың көбейгеніне қарсы емеспіз, бірақ соның жауабы ретінде сақтандыру компанияларының жауапкершілігінің де артқанын көргіміз келеді. Жабылып қалған компаниялардың тәжірибесінен көргеніміздей, сақтандыру нарығы ақшаны қайтару үшін емес, тек ақша табу үшін жұмыс істейді. Бұл екі бизнестің: сақтандыру және туристік бизнестің өзара байланысы, бұл жерде келісім арқылы бәтуаға келу керек. Мемлекет ең төменгі сақтандыру полисін көтеруі мүмкін, ал бұл өз кезегінде, туроператордың жауапкершілігін арттырады.

Туристерді сақтандыру – ол да құрал, бірақ ол ерікті құрал болуы тиіс. Бізде сақтандыру полисі болмағандықтан, елден шығармай қою жағдайлары болмауы тиіс, бұл норманы заңға енгізуге болмайды. Туристерге таңдау ретінде ұсынуға болатын түрлі сақтандыру өнімдерін әзірлеу қажет. Бірақ, қайталап айтамын, заңдағы өзгерістерге оның еш қатысы жоқ.

— Сіздердің ол түзетулерді алып тастау жөніндегі жұмыстарыңыз қазір қай сатыда тұр?

Туризм инудстриясы департаментінде отырыс өтті, онда дауыс беру құқығына ие бірнеше мүшеміз бар, меніңше, 13 пе, әлде 14 пе, соның жетеуі осы нормаға қарсы дауыс берген.

Бізде тағы бір қиындық бар. Астанада алматылық нарықтың дауысын әрқашан ести бермейді, ал Алматы бүгінгі күні – республикалық бюджеттегі туризмнен түсетін табыстың 70%-ын құрап отыр, бұл ең көп турфирмалар саны. Нарықтың бұл сегментін есептен алып тастауға болмайды, сондықтан біз осы жаққа ҰКП басқармасының төраға орынбасарын шақырдық, қазір біріккен отырыс қорытындысы бойынша хаттама дайындап, сол өзгерістерді алып тастауға қол жеткізбекпіз.

Біз жалпы, жүйелі түрде жұмыс істеп үйренгенбіз. Нарықтағы соңғы оқиғалар Қазақстандағы көшпелі туризм үшін өте жағымсыз із қалдырды. Біз тұтынушылардың сенімінен айрылудамыз,

бізді мазасыздандыратыны осы. Ал бүкіл халықтың алдында біздің «лас киімімізді» жуып-шайып, сол арқылы туристік нарықтың имиджін мәдениеті төмен сала ретінде қалыптастырғысы келетін қисынсыз әрекеттерге әлдене деп жауап қатып, ақталып жатуды біз артық көреміз, ол тақырыпты қайта-қайта көтере бермейміз де. Бізде онсыз да шешілмейтін жатқан қиындықтар жетіп артылады.

— Әңгімемізді қорытындылай келе, сізге дәстүрлі сұрақ қойсам: осы нарық бойынша алдағы маусымға қандай болжам айта аласыз?

Қазір туристік қызметтерге деген сұраныс азайып жатыр. Көшпелі туризм нарығы осы уақытқа дейін қарқынды дамып жатқан нарық болған еді, біз жыл сайын 25-28%-ға ұлғаятынбыз. Бүгінгі күні сұраныстың 18-20%-ға төмендегенін көріп отырмыз.

Оған себепші жайттардың ішінде былтырғы ақпандағы девальвация, содан соң девальвация болады деген болжамдар, нарықтағы жалпы қаржы тұрақсыздығы, сондай-ақ, тұтынушылар тарапынан туристік нарыққа деген сенімнің жоғалуы бар. Қазір біздің өте мықты бәсекелесіміз – интернет. Жастар өз бетінше брондап, сол жаққа кетуде, интернеттің мүмкіндіктері көп. Интернет турөнімнің құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, оның да өз кемшіліктері бар, мысалы, нарықта көптеген жылдар бойы сапалы жұмыс істеп келе жатқан туроператордың қолында түрік қонақүйлерінен түсетін үлкен жеңілдіктер болуы мүмкін. Бірақ сұраныс азайып жатыр, әрине, оған баға ғана емес, нарыққа деген сенімнің жоғалуы да себепші.

Жалпы алғанда, бұл маусым басқаларынан өзгеше болады деп ойламаймын. Ең танымал бағыттардың бірі Түркия мен Қырғызстандағы Ыстықкөл болып қала береді, оған себеп – ол жақтарда туристік статистика жөніндегі цифрлардың біршама төмен болғанынан емес, қазақстандықтардың басым көпшілігінің ол елдерге турфирмаларсыз-ақ бара алатындығында. Болгария мен Грекия да жақсы танымал, ол жақтарға биылғы жылы чартерлер ұшатын болады. Жағажайы бар еуропалық елдер де біздің нарығымызда жүйелі түрде сұранысқа ие. Барселонаға да чартер бар. Жаңа, өзгеше әсерлерге деген сұраныс артып келеді, біз сондай жаңа нарықтарды іздестірудеміз, және оларға бағаны арзан етуге мүмкіндік беретін чартерлерді белгілейміз. Ауқаттырақ адамдар Батыс Еуропаға көбірек қызығушылық танытуда. Жазғы туризмнің шамамен алғандағы географиясы осындай.

Дереккөзkapital.kz