Басты бетЖаңалықтар-25 градусқа дейін аяз: Қараша айына арналған ауа райы болжамы

-25 градусқа дейін аяз: Қараша айына арналған ауа райы болжамы

Нәтижесінде еліміздің көпшілік бөлігінде температуралық режим климаттық норманың шеңберінде тұрақталады.

Ал жауын-шашын оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, таулы және тау бөктері аудандарында нормадан көп түседі екен.

Бірінші онкүндікте, Қазақстан территориясына суық антициклонның басып кіруімен, ауа райы ашылады және температура төмендейді.

Мәселен түнде еліміздің солтүстік бөлігінде 6-11, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз болса, оңтүстікте 2-7 күндіз 9-14 градусқа дейін жылы болады.

Екінші және үшінші декада аралығында қарашаның соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Солтүстікте, шығыста және елдің орталығында түнде -17-22 градусқа дейін, кей жерлерде -25 градусқа дейін күндіз -10-15, кей жерлерде -20 градусқа дейін аяз болады.

Батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -5-10, кей жерлерде -15 аяз градусқа дейін аяз күтілуде. Ал күндіз 0-5 дейін жылы, кей жерлерде -5 градус аяз болады.