Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жұқпалы...

Елімізде жұқпалы емес созылмалы аурулар дендеп барады

Және де қант диабеті мен қан қысымы дертінен болатын өлім-жітім көрсеткіші жиілеген. Соңғы жылдары Қазақстанда мұндай созыл­малы ауруларға жұмсалатын қаражат көлемі де күрт өскен. Дәлірек айтқанда, мемлекеттің денсаулық сақтауға бағытталған барлық шығынының 96 пайызы осы салаға кетеді екен. Ал керісінше профилактикаға соның 3 пайызы ғана жұмсалатын көрінеді.

«Сондықтан әр адам «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы берік ұстануы керек», – дейді маман. Ол үшін бірқатар әдеттен бас тарту қажет. Тағам өнімдеріндегі тұз бен қанттың құрамын реттеу, балаларға арналған зиянды өнімдердің жарнамасын шектеу, ересектердің физикалық белсенділігін арттыру маңызды.

Айнұр Айыпханова, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры: Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру ол – осы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басты мақсаты. Бүгінгі күні өкінішке қарай, Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 8,5 жылға қысқа. Яғни Қазақстанда орташа есеппен адам 72 жас өмір сүрсе, Еуропада бұл көрсеткіш 80,6 жасты көрсетеді.

Дереккөз24.kz