Алматылық ғалымдар латын әліпбиіне көшудің алғышарттарын талқылады

Алматыдағы Тұран университетінде қалалық Қоғамдық кеңестің қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесіне арналған кезекті отырысы өтті.

©khabar.kz

Шара қатысқан қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тіл мамандары қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының келешегін талқылады.

«Қазіргі таңда әлемдегі жаңа өнертабыстар, технологиялық прогерсстер, ғылыми зерттеулердің 90 пайызы латын әріптерінде жарияланады. Латын әліпбиіне көшу арқылы ағылшын тілін тез үйренеміз, мәтіндерді түсіну оңай болады. Егер бүкіл әлемге ашық болғымыз келсе, дамыған елдерге түсініктірек әліпбиге көшкеніміз дұрыс. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымындағы көптеген елдер де латын графикасын қолданады. Осының арқасында инвесторларды тартып, еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз. Біз үшін ол — әлемдік экономикамен тезірек біте қайнасуға мүмкіндік беретін құрал»-деді ҚР Бейбітшілік қорының басшысы Қазыбек Шайх.

Қор басшысының айтуынша, латын әліпбиіне көшу көп шығынды қажет етеді десек те, соның арқасында жаңа жұмыс орындарының пайда болады. Аудармашыларға, адамдарды жаңа әліпбиге үйретудің әдіснамасын құрастырушыларға, баспа мамандарына деген сұраныс артады.

«Бұған дейін біздің қоғамда латын әліпбиіне өтеміз бе, жоқ па деен мәселелен талқыланып келсе, ендігі жерде латын әліпбиін енгізудің тиімді жолдары әңгіме өзегіне айналмақ. Яғни, пікірталастың өзі интеллектуалдық деңгейге көтеріледі деген сенімдемін. Ол үшін әрне еліміздің көшін бастаған ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері бұл тұрғыда белсенділік танытады деген ойдамын»,-деді саясаттанушы Ерлан Саиров.

Өз кезегінде «Kazinform»  халықаралық агенттігінің бас директоры Асқар Омаров жаңа әліпбиді халыққа үйретуде журналистердің де атқарар рөлі зор екенін айтты.

«Ендігі кезекте соған қалай дайындалу керектігімізге көбірек көңіл бөлу қажет сияқты. Қазақ тілінің морфологиялық принциптері қалай өзгереді, сөздердің айтылуы мен жазылуында не өзгеріс болады деген сияқты  сауалдармен ғалымдар айналыса жатар. Ал біз өз күшімізді біріктіріп осы мерзімде  көп жұмыстар атқаруымыз керек. Аз уақыт бұрын «Қазақпарат» ақпараттық порталында осындай бір жобаны қолға алдық. Осылайша, күніне бір жаңалықты жаңа әліпбимен шығарамыз. «Егемен Қазақстан» газеті де басылымның әр санында өлең шумақтарын латын әліпбиімен оқырманға ұсынып жүр. Бұл халықтың көзін үйретуге, сауатын арттыруға зор септігін  тигізетін бастама  деп есептеймін», – деді  Асқар Омаров.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңесте латын әліпбиін енгізу жолында қоғамның алдаңдауына ешбір негіздің жоқтығын, жаңа әліпби Елбасының өзі айтқандай кезең-кезеңімен әрі жүзеге асатындығы, жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу жолында компьютерлік тұрғыдан ешқандай қиындықтар туындамайтындығы тілге тиек етілді.

Айта кетейік, шараны ұйымдастыруға Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы ұйытқы болды.

10 пікір

    • Солтүстік талқыламай, бірден іске көшіп кеткен. Көрмедіңіз бе? газет шығарыпты латын тілінде)

  1. я думаю нужно сделать так! Онлайн голосование сделать среди народа! С апострофами или без? Или еще третий вариант

  2. Жарқын болашақ үшін тағы бір үлкен қадам жасадық. Тілімізді әлем халықтары түсініп қана қоймай, қазақ тілін үйренушілер қатары өсетін шығар деген ойдамын.

  3. Жұмыс орындары ашылса жақсы болады. Елімізде жыл сайын қаншама аударма ісін бітіріп алып, жұмыс іздеп жүретіндер саны аз емес.

  4. Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ойға қонымды келеді. Өзім қолдаймын. Кезінде Қазақстанның астанасы Астана болады дегенде барлығы өре түргеле қарсы болған еді. Қазір қандай Астана деген дамыған өркениетті қаланың біріне айналды. Бұлда уақытша, тек барлығына уақыт керек. Қалай уақыт емші дейді ма? Бәрі жақсы болады.

  5. Жаңа латын қаріптері ойға қонымды келеді. Менің ойымша бұл өзімізге де өзгеге де жеңіл үйренуге болды. Тек төзім мен сабыр керек. Қытай қорғаны да бір күнде тұрғызылған жоқ. Сол секілді уақыт керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version