Екі інісі мен сіңлісін өрттен құтқарған 11 жастағы Аружан марапатталды

11 ақпанда Қызылорда қаласында орын алған өрт кезінде батыл қыз Аружан өзінің екі інісі мен кіші сіңлісін аман алып қалған.

Жасына қарамастан, ол бауырларына терезе арқылы шығуға көмектесіп, ересектерді көмекке шақырды.

Батыр қыз төтенше жағдайда адам өмірін сақтап қалуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Аружанға  марапатты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының орынбасары полковник    А.Д. Жұманов салтанатты түрде тапсырды.

Сондай-ақ, кеш барысында елдің дамуына өзіндік үлестерін қосқан әйелдерге түрлі аталымдарда сыйлықтар табыс етілді.

ДереккөзҚазАқпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстандық фотографтар HUAWEI P60 смартфоны сериясына Алматы көрінісін түсірді

Huawei компаниясы танымал қазақстандық фотографтардың Алматы бейнеленген мобайл суреттер көрмесін таныстырды. Авторлар барлық фотоны P сериясының флагмандары - HUAWEI P60 және HUAWEI P60 Pro смартфондарына түсірген.

«Зияны аз әрі қоқыс шықпайды»: ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугының несі тиімді?

ASUS дүниежүзіндегі ең жұқа әрі жеңіл нотубуктың бірі, экологияға зияны әлдеқайда аз, кез келген жерде қолдануға болатын Zenbook S 13 OLED (UX5304) ноутбугын шығарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электрон билет сату жүйесімен және Алматыдағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы өзгереді

«ҚР мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР президентінің жарлығы көпшілік талқыға шығарылды.

Премьер-министр «Алтын Орда» базарындағы заңбұзушылықты жоюды талап етті

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Алтын Орда" базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды.