Қазақстанда 2017 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 5,4%-ды құрады.
Пияздың бағасы 32,8%, картоп – 30,9%, сәбіз – 23,9%, сиір еті – 13,2%, қой еті – 13,1%, консервіленген сүт – 10,4%, сары май– 9,4%, кондитерлік өнімдер – 8,7%, мәйекті ірімшік – 8,6%, мұздатылған балық – 8,4%, жылқы еті – 7,9%-ға көтерілді. Қызанақтың бағасы 51%, қияр – 50,9%, сарымсақ – 26,8%, тәтті бұрыш – 23,4%, жұмыртқа – 23,3%, қарақұмық жармасы – 23,2%, қант – 13,9%, қырыққабат – 10,5%, күнбағыс майы – 9,6%-ға тіркелді.
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтері қымбаттады. Оның ішінде тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 10,6%, кәріз – 9,1%, орталықтан жылыту – 7,3%, тұрғын үйді күтіп ұстау – 6,6%, суық су – 5,1%, электрэнергиясы – 5%, ыстық су – 3,6%-ға жоғарылады.