Басты бет Таным Қорқынышты фильмдердің қандай пайдасы бар?

Қорқынышты фильмдердің қандай пайдасы бар?

Көп адамдар қорқынышты фильмдер адам психикасына зиян деп ойлайды. Алайда, бұл жанрдағы фильмдердің пайдасы да жоқ емес.

©megapolistime.kz

Техас университетінің ғалымдары жақында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорқынышты фильмдердің адам психикасына қандай пайдасы бар екенін анықтады. Қорқынышты фильмдер психотерапевттің рөлін атқарып, адамға бойындағы қорқыныштарын жеңуге көмектеседі екен.

Сонымен қатар, бұл жанрдағы фильмдер жағымсыз энергиядан құтылуға, адамның көңіл-күйін өзгертуге әсер ете алады.

Қазіргі қоғамда адамдарға адреналин жетіспей жатады. Сондықтан болар, қорқынышты фильмдер сұранысқа ие.

Диетологтардың айтуынша, қорқу сезімі салмақ тастауға көмектеседі.

Қорқынышты фильмдер ағзаның жұмысын жақсартып, қан айналымын жылдамдатады. Фильмге кірер алдында және шыққан соң мамандар адамдардан қан алып тексеріп көрген. Нәтижесінде қорқынышты фильмді көрген адамның қанында лейкоцидтер концентрациясы артқан.

Зерттеушілер қорқынышты фильм көріп отырған адам мен жүгіріп, физикалық жаттығу жасаған адамның ағзасы бірдей жұмыс істейтінін айтады.

27 пікір

  1. Зияны одан да үлкен. Сол қорқудың кесірінен адамға жын кіретін болса онда оның емі қиын болады Алла сақтасын. Жын-шайтандар адамға кіру үшін оңтайлы сəтті мүлт жібермейтінін ескеруіміз керек.

  2. Қатты қорықсаң талып немесе одан жаманы есіңді білмей қалуың мүмкін

  3. Мен коп коремин маган унайды ен коркыныштысы жалгыз ари кешке корем кешке теледидардан корем.Бирак казирде тез коркатын болыппын.Коп кормеу керек деп кеңес беремін әсіресе 3D мен

  4. Мен вообще қорқынышты фильмдер көрмеймін. Дорама қарайтындарды дорамщик дейтін ба еді? Онда мен де дорамщикпін)))

  5. Ия,мен қорқынышты киноны көп көрем.Қорқынышты фильм көргенде ештеңеден қорықпайтын сияқтымын.Қорқыншты фильм көріп болған соң…көрген затымды сонда қалдырып кеткен жөн.Кейбір адамдар көрген қорқынышын өмірде бар деп ойлайды.Ол адам өмірмен байланыстырса сол қорқыныш орын алу мүмкін.Сол үшін көрген жерге үрей,қорқынышты қалдырып кету қажет:)

  6. Мен өте қатты қорқам ондай кино көрсем екі үш күн ұйықтай алмаймын қорқынышты кино көрмеңіздер

  7. Фобияны жеңу керекко.Коруге болмайды деп жүре бермей.Өзім катты жахсы корем ужастиктерді????????????

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version