Сонымен қатар, биыл «Солтүстік Талғар» тасжолына жасанды қар төгіледі. Курорттарғы қауіпсіздік шаралары да қатаңдатылған. Одан өзге спорт кешенінде әуесқойларға арналған жаңа жол ашылмақ. Онда, кез келген адам кәсіби нұсқаушыдан дәріс алып, шыңдала алады.
«Біз сырғанау жолдарын кезекпен аша береміз. Өйткені, тұрғындар шаңғы мен сноуборд тебуді сағынып қалды. Бағасына келетін болсақ, ол өзгермейді. Былтырғыдай болып қалады. Біз қар көшкіні кезде оны ұстап қалатын қоршаулар орнаттық. Сондай-ақ, Алматы қалалық әкімдігінің қаржыландыруымен 100 нұсқаушы дайындалатын болады. Олар, келушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, шаңғымен сырғанауды үйретеді»,- деді «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры, Тимур ХАИРОВ.