Бұл туралы «Qazaqstan» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин айтып берді.
«Бүгін «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін 14 аймақтық телеарналардың эфирінде ауқымды өзгерістер басталды. Мәселен, «Қазақстан — Қарағанды», «Қазақстан – Қызылорда», «Қазақстан – Павлодар», «Қазақстан – Петропавл» т.б деп аталса, енді «Saryarqa», «Qyzylorda», «Ertis», «Qyzyljar» болып өзгереді. Әр аймақтың бұрыннан келе жатқан тарихи жер-су атаулары мен өңірлердің қалыптасқан атаулары негізге алынды. Ребрендингтің басты мақсаты- корпорацияға қарасты аймақтық телеарналарға жаңа серпіліс беріп, заман талабына сай даму жолдарын қарастырып, сапалы,интеллектуалды бағдарламалардың санын арттыру»,-деді ол.
Айта кетейік, осы жылдың 28 тамызында корпорацияның жаңа телевизиялық маусымы аясында «Qazaqstan», «Balapan», «Qazsport» телеарналары еліміздің мемлекеттік туы түстес ортақ логотиппен бекітіліп, жаңа форматта шыққан болатын.