Басты бетБалабақша таңдағанда...

Балабақша таңдағанда ескерілуге тиісті 6 фактор

Еліміздегі балабақша тапшылығы әлі күнге дейін шешілген жоқ. Мемлекеттік балабақшадағы кезегі келгенше, ата-аналар балаларын жекеменшік балабақшаларға беруге мәжбүр. Осы кезде таңдау туындайды.

Балаңызды қайда беретініңізді таңдамас бұрын, балабақшаның түрлерін анықтап алайық. Елімізде оның 5 түрі бар:

  1. ясли-бақша (1 жастан 6 жасқа дейін);
  2. балабақша (3 тен 6 жасқа дейін);
  3. отбасылық ясли-бақша (1 ден 6 жасқа дейін);
  4. санаторлық ясли-бақша (1 жастан 6 жасқа дейін);
  5. мектепке дейінгі шағын орталық (1 жастан 6 жасқа дейін).

Ясли-бақша және балабақша – мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың жалпы білім беретін бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оның мемлекеттік және жеке меншік түрлері бар.

Отбасылық ясли-бақша – ереже бойынша, жеке мекеме. Оның екі түрі бар:

  • адаптациялық (1 ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған);
  • жалпы дамытатын (3 тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған).

Бұл балабақшаларда балаларды аптасына 5-6 күн тәулік бойы қалдыруға болады.

Санаторлық ясли-бақша – мектепке дейінгі жастағы әлсіз және ұзақ уақыт бойы ауыратын балаларға арналған сауықтыру, емдік-профилактикалық мекемесі.

Өзіңізге қажетті балабақшаның түрін анықтаған соң, балаңызды қайсына беретініңізді таңдау қажет. Ол тыңғылықты болуды талап етеді. Себебі балабақша — баланың алғашқы бөтен ортасы. Таңдау кезінде балалары балабақша барып жүрген ата-аналардан оның жабдықталуы, балаларға деген күтімі, тәрбиешілері туралы және өзге де ақпараттарды біліп алыңыз. Балабақшаның орналасқан жері, балалар алаңының қауіпсіздігі, тазалығына да мән беріңіз. Меңгерушісінен жұмыстарын толығымен сұрап алыңыз. Сонымен бірге төмендегі 6 факторды есте сақтаған жөн:

Балабақшаны қалай таңдау керек?
©Baribar.kz