Жарыс ту тұғыры маңынан бастау алды. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай бақ сынасты. Ең жас қатысушы 7-де болса, ең үлкені 75-те.
Желаяқтар Бұқпа тауына бастайтын баспалдақтардан сүрінбей жүгіріп өтіп, жарты шақырымды еңсерді. Дәл осы жердің таңдалуы да бекер емес. Мақсат тау беткейінде таза ауамен тыныстап, қатысушылардың, әсіресе жастардың спортқа деген құлшынысын арттыру.
Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздардың барлығына ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ «Ең жас қатысушы» атағын Артем Лазарев, «Жеңіске деген ұмтылыс» аталымын Никита Колпаков, иеленді. Ал Владислав Изюмский «Спорт ардагері» атанды.