Бокстан «Астана арландары» «Өзбек жолбарыстарына» ұтылып қалды

Шаршы алаңға ең бірінші болып көтерілген Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хасанбой Дусматовқа 0:3 (45:50, 45:50, 45:50) есебімен есе жіберді.

Одан кейін шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Мейірболат Тойытов та (56 келі) Абдулхай Шарахматовқа төтеп бере алмады.

64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Асхат Уәлиханов (64 келі)  Фазлиддин Мелибоевтен ұтылды.

Ал Еркін Мұхамеджан (91 келі) өзбек боксшысы Мирзабек Хасановтің жолын кесуге қауқары жетпеді.  Астана арландары сапынан тек Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) қана қарсыласы Хуршид Норматовтан басым түсті.

Айта кетерлігі, Астана арландары енді 4 наурыз күні «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен шаршы алаңда кездесетін болады.

ДереккөзҚазАқпарат