Біріншіден, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, еліміздің өзен-көлдеріне арнайы саяхат жасап, олардың тарихын тереңірек тану арқылы ұлттық болмысымызды жаңғырту. Екіншіден, комитетке қарасты су ресурстары нысандарының жұмысын əлеуметке насихаттау.
Естеріңізде болса, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген еді. Өткізгелі отырған жобамыз осыдан бастау алады. Су ресурстары – мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурстарының бірінен саналады. Еліміздің экономикалық мүмкіндіктерінің артуымен біз ел қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар су ресурстарын реттеу, стратегиялық маңызды су нысандарының құрылысын жаңғырту мен жаңа объектілерді тұрғызу жұмыстарын жүргізе алдық. Аталған ауқымды істерде Су ресурстары комитеті мен оған қарасты ұйымдардың қомақты үлесі орасан, — дейді Су ресурстары комитетіне қарасты «Қазсушар» РМК-нің Баспасөз хатшысы Азамат Байғалиұлы.
Жобаға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, телевизия мен интернет-журналистиканың танымал өкілдері тартылып отыр. Олар – «Хабар» Агенттігі интернет дирекциясы директорының орынбасары, белгілі интернет-сарапшы Өркен Кенжебек, кәсіби фотограф, журналист, «Қазконтент» интернет-арнасының үйлестірушісі Максим Рожин, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Рахат Жақсыбай, белгілі блогер, интернет-сарапшы Яков Федоров жəне Вaq.kz ақпараттық порталының бас редакторы Ержан Әбдраман.
Осы топ екі күн бойы Оңтүстіктегі ондаған су нысандары мен өзен-көлдерді саяхаттап, су мамандарымен сұхбаттасып, әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында көрген-білгенін бөлісіп отырмақ.