Алматы облысында тыл еңбеккерлері шипажайда тегін демалады

Биыл облыс қазынасынан бөлінген қаржыға 1 600 соғыс ардагері мен мүгедегі және олардың жесірлері денсаулығын түзеп қайтты.

Талдықорғанда өткен ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында облыс әкімі Амандық Баталов келер жылы бұл қаржы еселене түсетінін айтты. Жиын барысында Жетісу өңірінің дамуына атсалысып жүрген қариялар мерейтойлық медальдармен, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ «Қасиет те, өсиет те қарттарда» атты кітаптың тұсауы кесілді. Топтамада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батырлардың ерліктері мен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері баяндалады.

Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Бұл – тарихи деректеме. Оның жастарға тәрбиелік, танымдық мәні бар. Сонан кейін осының ішіне Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз, Социалистік еңбек ерлері жетісу жерінен шыққандарын осы кітапқа  салып отырмыз.

Дереккөз24.kz