Басты бет Жаңалықтар Индустрияландыру күні аясында 18 жаңа жоба іске қосылады

Индустрияландыру күні аясында 18 жаңа жоба іске қосылады

Ағымдағы жылдың  6 желтоқсанында Индустрияландыру күні аясында 18 жаңа жоба іске қосылады.  

©Unikaz.asia

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

«Бақытжан Әбдірұлы, 6 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында біз ағымдағы жылғы индустрияландырудың қорытындысын шығаратын боламыз. Телекөпір барысында жалпы сомасы 399 млрд теңгені құрайтын 18 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар оның айтуынша,  26 жоба бойынша телевизиялық роликтер көрсету көзделуде.

«Салалық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен қосылатын нысандар анықталып, сізбен алдын ала келісілді. Қазіргі уақытта Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге телекөпірді өткіу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізудеміз, телеарналармен қосылатын кәсіпорындар жайында видеосюжеттер түсірудеміз», — деді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version