Бүгінде бұл әліпбиді дүние жүзінің 90 пайызы қолданады. Сондықтан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ тілінің латын қарпіне көшуіне байланысты әуелі оқу-әдістемелік құралдарын бір жүйеде реттеуді жоспарлап отыр.
Ал бекітілген латын әліпбиі ана тілімізге тән төл дыбыстармен үндеседі. «Ендігі кезек, грамматикаға көңіл бөлуіміз керек», – дейді олар.
Болатбек Тілеубердиев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің деканы: Бұл нұсқаның ұнап отырғаны біздің төл дыбыстар өзінің орнында тұр деп толығымен есептеуге болады. Ал бұлардың төбесінде өзіндік таңбалары бар ғой. Ноқат таңба деп жатамыз. Бұл ұлттық тілдің өзгеріске түспеуіне тікелей әсер етеді.