Басты бет Жаңалықтар «Астана» футбол командасы Израильге аттанды

«Астана» футбол командасы Израильге аттанды

«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамы Израиль астанасы Тель-Авивке аттанды.

©Fca.kz

«Астана» футбол клубы УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында жергілікті «Маккаби» командасына қарсы алаңға шығады. Ойын 3 қарашада Астана уақытымен сағат 00:00-де өтеді. Кездесу Нетания қаласындағы «Нетания» стадионында өтеді.

«Нетаниядағы» ойынға қатысатын футболшылар тізімі клубтың сайтында жарияланды.

Айта кетейік, «QAZSPORT» телеарнасы ойынды 2 қарашада сағат 23:50-де тікелей эфирден көрсетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version