Жаңа сайттың ерекшелігі – барлық ақпарат латын әрпімен жазылған. Оны құрушылар латын графикасына көшуге дайын екендерін көрсетуде.
Жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мирас Құттыбайдың айтуынша, сайт тек латын тілінде ақпарат береді.
«Жуырда Елбасы «Қазақ тілінің латын графикасына ауыстыру туралы» жарлыққа қол қойды. Латын әрпіне көшу – қоғамдық сананы жаңғырту идеяларының негіздерінің бірі. Біз оны қолдаймыз. Енді жаңа zhastar09.kz сайтында сіздер ақпаратты латын әрпінде оқи аласыздар», — деп мәлімдеді ол сайттың тұсаукесер рәсімінде.
Қарағанды облысының балалар және жастар ұйымының Одағының айтуынша сайтта көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар болады. Сайт құрастырушы Әлібек Қаратаев бұл жобаны бірнеше ай бойы дайындаған.
Айта кетейік, сайтта кез келген сөзді немесе мәтінді кирилицадан латын графикасына ауыстыратын қызмет бар. Бұл қосымшаны сонымен қатар qazlatyn.kz сайтынан жүктеп алуға болады.