Басты бет Жаңалықтар Отандық «Кинодан да артық» комедиясының трейлері жарық көрді

Отандық «Кинодан да артық» комедиясының трейлері жарық көрді

Режиссер Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмінің трейлері жарияланды. Картина комедиялық жанрда "Bissembin film" студиясымен түсірілген.

«Кинодан да артық» фильмінде толықметражды фильм түсіруді армандап жүрген жас режиссер туралы баяндалады.

Картинадағы басты рөлдерді Данияр Алшынов пен Аружан Жазылбекова сомдайды. Сондай-ақ, көрермендер комедиядан Дәурен Айдарқұлов, Жәния Джуринская және Газрет Ержановты көре алады.

Айта кетейік, «Кинодан да артық» туындысы Асқар Бисембиннің бесінші толықметражды фильмі. Комедия 23 қараша күні үлкен экранға жол тартады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version