Басты бетҚоғамАлматыда ақша...

Алматыда ақша жинау мәдениетіне арналған квест өтті

Дәстүр осы жылы да жалғасын тауыпты: банк Алматыда алғаш рет «Жинақ күні» атты квест ойындарын ұйымдастырды. Квест қатысушылары сан түрлі елдер мен дәуірлерге саяхат жасап, тарихтың әр түрлі кезеңінде адамдар бағалы заттарын қалай сақтағанын, сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстандағы қаражатты сақтау мен жинақтаудың ең тиімді жолдарымен танысты.

«Еліміздің болашағы саналатын жастарды осындай байқаулар арқылы қаражат жинауға, болашағына жауапкершілікпен қарауға, «бірыңғай тұтыну» мәдениетін емес, «жинақтау» мәдениетін насихаттауға ынталандырғымыз келді. Квест өтетін орындарды белгілеудегі мақсатымыз да осы. Байқауды ТҮҚЖБ бөлімшесі жанында немесе банктің халыққа ұсынатын бағдарламалары аясында салынған тұрғын үй кешендері ауласында өткізуді жөн көрдік. Әдемі үйлер мен пәтер иелері атанған бақытты жанұяларды көргенде, халық неге ұмтылу керектігін түсініп, банкіміздің салымшылары атануға және еліміздегі ең тиімді жолмен жеке баспана алуға асығады», — дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Жарнама және жұртшылықпен байланыс департаментінің басшысы Зәуре Масғұтова.

28 қазанда өткен «Жинақ күні» квестіне 113 адам тіркелді. Қатысушылар арасында отбасылар, студенттер мен жас мамандар бар. Солардың ішінде мәреге бірінші келіп, «Ең жылдам» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған 23 жасар Ақеділ Қайнарбай бар.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» квест ұйымдастырып жатқанын әлеуметтік желідегі жарнамадан көрдім. Сосын өзімнің бағымды сынап көруге бел будым. Әзірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жеке есепшотым жоқ, бірақ жақын арада ашу жоспарымда бар», — дейді Ақеділ Қайнарбай.

Жалпы байқауда Ақеділден бөлек «Ең білімді» номинациясы, Facebook, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілеріндегі лайк саны бойынша тағы 4 жеңімпаз анықталды. Инстаграм парақшасында квестке қатысты жазбаларына 200 мыңнан лүпіл басылып, 300 мыңға жуық рет рет қаралған Жанерке Елшін осы желінің «жұлдызы» атанды.

Квестке қатысушылар
Квестке қатысушылар

ВКонтакте желісінде ең көп лайк жинап, жеңіске жеткен Еркін Байсеркенов ойынға күтпеген жерден қатысқанын айтты.

«Тіркелудің бітуіне санаулы сағаттар қалғанда ғана аты-жөнімізді жібердік. Бұл бір қызық күн болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Оның үстіне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бұрыннан «таныспын», отбасымыздағы төрт адамның да бұл банкте шоты бар», — дейді Еркін.

Квестке 2013 жылдан бері банктің салымшысы атанған 27 жасар Әсет Шакенов те қатысты.

«Банк сайтында квест жарнамасын көріп, алдын ала тіркеуден өттім. Оның үстіне квест демалыс күнге жоспарланғандықтан, қатыспауыма ешқандай себеп болған жоқ. Әрі өзім осы банктің салымшысымын. Әзірге есепшотымда жиналған қаражат көп емес, бірақ болашақта екі бөлмелі пәтер алу ойымда бар», — дейді Әсет Шәкенов.