Басты бетҚоғамҰлттық кітапханада...

Ұлттық кітапханада «Латын әліпбиі» залы ашылды

Жаңа залда қазақ тілінің латын әліпбиіндегі нұсқасы үйретіліп, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдарының онлайн кеңестері өткізіледі.

Аталған залда 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген латын графикасындағы қазақстандық кітаптар мен газет-журналдардың көрмесі қойылған.

«Біз 26 қазан маңызды тарихи күнді бастан кешірдік. Бұрын екі тілде 76 әріп қолданып келсек, енді бір тілде 32 әріппен жазатын боламыз. Жаңадан ашылып жатқан залдың латын тілін меңгеруде алар орыны ерекше» — деді залдың ашылу салтанатында философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім.

Ашылу салтанатына Әбдіжалел Бәкір, Қаржаубай Сартқожұлы, Рахымжан Тұрысбек, Нұрсұлу Шаймерденова, Айгүл Үсенова сияқты ғалымдар және кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Қазірдің өзінде жаңа зал латын графикасын үйренемін деушілерге қызмет көрсетуге әзір.

ДереккөзBaq,kz