Олар енді Петропавлда өтетін республикалық жарыста Ақмола облысының намысын қорғайды.
Конкурсқа 10-21 жас аралығындағы 130 талант қатысты. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Біржан сал атындағы музыкалық колледжде өтті.
«Облыста 20 аталымның әрқайсысында – театр және фотоөнер, аспаптық, вокал, эстарада және халық музыкасы, кино режиссурасына сай келетін дарындылар көп. Дельфий ойындары – өнердің ең жоғары форумы және бұған сегізінші рет көзіміз жетіп отыр. Аймақта сегізінші рет ұйымдастырылды», — деді дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ольга Ковалева.
Конкурсқа қатысушылардың бірі – Данияр Жолбарысов. Ол конкурсқа екінші рет қатысып жатыр. Данияр бірінші турда джаз жанрында ән айтты, ал екіншісінде халықтың «Туған жер» әнін орындады.
Конкурс нәтижесі бойынша 17 үміткер үшінші орын, 15 – екінші орын, 16 жас талант үшінші орын иеленді. Енді олар республикалық Дельфий ойындарында Ақмоланың намысын қорғап, өнер көрсетеді. Ақтық сайыс Петропалда қарашаның 1-і мен 5-і аралығында өтеді.
Айта кетейік, Дельфий ойындары өнердің классикалық түрінен бастап заманауи жанрына дейін біріктіреді. Оның мақсаты – мәдени мұраны дәріптеу, ұлттық өнердің дамуына үлес қосу.