Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі жастар

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі жастар

Мемлекеттік қызметшілер орташа 39 жаста. 2000 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілер екі жылға «жасарды», деп хабарлады ішкі саясат басқармасының аймақтық коммуникациялар қызметі.

«Өткен жылдармен салыстырғанда жұмысқа көбінесе жас мамандардың қабылданғандығы байқалады. Қазіргі мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39-да. Ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 41 жас болатын. Ол кезде мемлекеттік қызметшілердің 62%-ының жоғары білімі бар еді. Қазір бұл көрсеткіш те өсті – 88,5 %. Осылайша, біз мемлекеттік қызметшілер сапасының ұлғайып жатқандығын байқап отырмыз», — деді Райхан Біратаева.

Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес аймақта 3887 мемлекеттік қызметшілер аттестаттаудан өтті. Оның қорытындысы бойынша 91%-дан астамы өз жұмысының тиімділігін дәлелдеп, лауазымына сәйкестігін растады. Аттестация қорытындысы бойынша 56 мемлекеттік қызметші жоғаы лауазымға ауысты.

Аймақта 5436 мемлекеттік қызметші бар. Сондай-ақ 503 бос орын тұр.