«Қазақ қызы» байқауында ақмолалық студент жеңімпаз атанды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қалалық ішкі саясат басқармасы отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауға және қыз балалардың мәдени-әдептілік деңгейін арттыруға, отбасында қыз балаларды тәрбиелеу бойынша «Қазақ қызы» атты қалалық қыз балалар байқауынын қорытындысы шықты.

Байқау төрт кезеңнен тұрған. Атап айтсақ: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру, «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету, «Қыз еркем – кестесімен көркем» ою-өрнек ою, «Білгенге маржан» білім сайысы. Осы шараның алдыңда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен колледж студенттерінің арасында Оразкүл Асанғазықызы «Бойжеткен назарына» атты лекциялар оқыған. Онда қазақ қызына тән тәрбие,  инабат пен иба, ізеттілік жайы сөз болған.

Байқау қорытындысы бойынша I орын Көлік және коммуникация колледжінің студенті  Индира Кеңеске, II орын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледж студенті  Ақниет Нұрманға, III орын Басқару колледж студенті  Айгерім Бектеубаеваға бұйырды. Ал, Еуразия гуманитарлық институты колледжінің студенті Гүлім Батырбек, «ТҰРАН» колледж студенті  Әлия Долдашева, «ТҰРАН-ПРОФИ» колледж студенті Қымбат Кенжебекқызы , «Асу» гуманитарлық-техникалық колледж студенті Айымжан Сатуалдыева үздік дипломдармен марапатталды.