Василий Левит Қазақстан чемпионатына қатыспайтын болды

Боксшының айтуынша, ол қолын жарақаттап алған.

«Оған себептерім бар. Әлем чемпионатында екінші айқастан кейін қолымды сындырып алдым, сол жарақатты емдету керек. Қазіргі уақытта сауықтыру курстарынан өттім, таяуда толыққанды жаттығу жұмыстарына кірісемін», — деді Василий Левит.

Айта кетейік, жарыс 6-12 қараша аралығында өтеді.

ДереккөзInform.kz