Бүгін Көкшетау қаласы мен Красный Яр ауылы аумағында «Көкше-антитеррор-2017» атты терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Оған Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб құрамына кіретін құқық қорғау және мемлекеттік органдар қатысып жатыр.
Шараның мақсаты – терроризмге қарсы операция өткізуге қажет күш пен құралдардың үнемі дайын болуын қамтамасыз ету. Терроризм актілерінің жолын кесу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік пен жауынгерлік қабілеттілікті арттыру.
Ақмолалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб аталған елдімекен тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараға және болуы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.