2017 жылдың 5 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Сағадиевтің қатысуымен «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар арасында Ақмола облысынан барған Көкшетау қаласындағы №11 «Арай» балабақшасының музыкалық жетекшісі Калиева Әсел Өтегенқызы, № 17 мектеп-гимназиясының биология және химия пәндері мұғалімі Серік Кошанов, Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия- мектебінің биология пәні мұғалімі Александр Кинцель жəне Щучинск қаласындағы жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Антон Лазорский бар.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпаздары құттықталды.