Бұл туралы ол министрлер кеңесінің шұғыл отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында жария етті, деп хабарлайды 24.kz. Сонымен қатар Каталония басшысы Карлес Пучдемонды қызметінен босататынын айтты. Өз сөзінде бұл шешім аймақтың өзін-өзі басқаруын тоқтату емес, керісінше, каталондықтарға заңды қайтарып, женералитеттің жұмыс істеуін бұрынғы қалпына келтіретінін тілге тиек етті.
«Мен Каталония парламентін таратып, сайлауды желтоқсанның 21-іне белгіледім. Женералитет президентінің заңға бет бұрып, cаяси доданы өткізуіне мүмкіндігі болды. Каталондықтардың басым бөлігінің қалауы да осы болатын. Бірақ Пучдемон олай жасамады. Сондықтан Испания үкіметі заңды орнату үшін тиісті шараларды қолданады»,- деді Испания премьер-министрі Мариано Рахой.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазан күні Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон, оның орынбасары Ориол Жункерас және парламент спикері Карме Форкадель тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойған еді.