Бүгін — Халықаралық анимация күні

Бұл мерекені анимациялық киноның Халықаралық ассоциациясы 2002 жылы алғашқы анимациялық технологияның шығуына 110 жыл толуына орай бекіткен еді.

1892 жылы 28 қазан күні Парижде суретші Эмиль Рейно мультфильмдердің шығуына жол ашқан еді. Ол алғаш рет қозғалып тұратын суреттерді көрсететін «праксиноскоп» аппаратын таныстырды.

Қазақстанның алғашқы анимация туындысы — «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфильмі. Ол 1967 жылы шыққан. Режиссері Әмен Қайдаров бұл мультипликациялық фильм үшін Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорктегі Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде (1975) жүлде алған.