Басты бет Жаңалықтар WhatsApp-та жіберілген хатты біржола жою функциясы қосылды

WhatsApp-та жіберілген хатты біржола жою функциясы қосылды

Жаңа функцияның көмегімен жіберілген хаттарды тек сіздің мессенджеріңізден ғана емес, хатты алған қолданушылардың қосымшаларынан да өшіріп тастауға болады.

Фото: Whatsapp.com

WhatsApp желісінде тағы бір жаңа функция пайда болды, деп жазады iguides.ru.

Ол арқылы жіберілген хатты өзіңіздің мессенджеріңізден ғана емес, сол хатты алған барлық қолданушылардың қосымшасынан өшіруге болады. Алайда аталған функцияның жарамдылық мерзімі шектеулі: хат жіберілгеннен кейін жеті минут ішінде өшіріп үлгеру керек.

Ол үшін диалогтан өшіргіңіз келген хатты белгілеп, экранның жоғары жағындағы себет белгісін басасыз. Сонда «хатты сіздің құрылғыңыздан немесе алушылардың да диалогынан өшіру» деген терезе ашылады. Хат жойылған жағдайда «Бұл хат жойылды» деген ескерту шығады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version