Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда мәслихат депутаттығына 10 мың үміткер тіркелді

Қазақстанда мәслихат депутаттығына 10 мың үміткер тіркелді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, мәслихат депутатының бір орнына орташа үш адам үміткер боп отыр.

Тіркелген үміткердің 1 592-сі облыс мәслихатына, 121-і Астана қалалық мәслихатына, 130 — Алматы қалалық мәслихатына сайланғысы келеді. 6 862 үміткер аудандық мәслихат депутаттығына таласпақ, 2 120 адам қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген.

ОСК мәліметінше, тіркелген үміткердің 3 407-сі саяси партиялар атынан түссе, 17 адамды қоғамдық ұйымдар ұсынған. 7 401 үміткер өзін-өзі ұсынған.

Мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелгендер бүгіннен бастап үгіттеу жұмыстарын бастайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version