Басты бетЖаңалықтар"Оралман" фильмі...

«Оралман» фильмі Италияда прокатқа шықпақ

Сондай-ақ, аталмыш туынды SIGNIS тәуелсіз қазылар алқасының арнайы жүлдесіне қол жеткізді (Коммуникация жөніндегі әлем католиктері ассоциациясының жүлдесі).

Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Кинокартинада туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндалады.

Биыл халықаралық «Religion Today» кинофестивалінің негізгі байқауында 28 елден 41 толықметражды картина бақ сынады. Фестивальдің үздік фильмдерін халықаралық қазылар алқасы анықтады. Олардың құрамында режиссер Бенджамин Фрейденберг, сербиялық режиссер Горан Радованович, «Кинодағы босқындардың үні» бағдарламасының директоры Бернадетт Шрамм бар.

Одан бөлек, фестивальде халықаралық қазылар алқасымен бірге SIGNIS тәуелсіз қазылар алқасы жұмыс істеді. Оның құрамында Маттео Асти (Италия), Гуидо Конвентес (Бельгия), Бланка Мария Монзон (Аргентина) және Магали Ван Реет (Франция) болды.

Тәуелсіз қазылар алқасының мүшелері «Оралман» фильмінің режиссері Сәбит Құрманбековке айрықша алғыстарын білдірді.

«Бұл фильм Орталық Азиядағы ең керемет фильмдердің бірі. Қарияның атажұртына деген махаббаты әдемі бейнеленген. Егер де әр босқынның жүрегінде ата жұртқа оралуға деген үміт болса, қиындықтарға қарамастан, мақсатына жете алады».

Айта кетейік, келесі жылдың басынан бастап «Оралман» фильмі Италияда прокатқа шығатын болады.

Дереккөзbaq.kz