Қазақстан 2015 жылы құны 26,7 млрд АҚШ доллары болатын мұнай сатқан

2015 жылы Қазақстан экспорттаған мұнайдың ең көп мөлшерін Италия сатып алған. Италия былтыр Қазақстаннан 17,9 млн тонна мұнай импорттапты. Мұның жалпы құны 7,9 млрд АҚШ долларын құраған.

Екінші орында 8,8 млн тонна мұнай алып, 3,7 млрд доллар төлеген Нидерланды мемлекеті тұр. Одан кейінгі орындарды 5,9 млн тонна мұнайға 2,3 млрд доллар төлеген Швейцария мен 5,5 млн тонна мұнай алып, 2,4 млрд доллар берген Франция иеленіпті.

Ал, аса ірі мұнай тұтынушы ел ретінде танылған Қытай Қазақстаннан 5 млн тонна мұнай сатып алған. Нәтижесінде, көрші ел бізге 2 млрд доллар төлепті. Бұлардан бөлек, қазақ мұнайы Румынияға (3 млн тонна), Грекияға (2,7 млн тонна), Испанияға (2,5 млн тонна), Ресейге (2,3 млн тонна) сатылған. Сонымен қатар Оңтүстік Корея 667,6 млн доллар болатын 1,5 млн тонна, Португалия 641,8 млн долларлық 1,4 млн тонна мұнай сатып алған.

Жалпы, Қазақстан мұнайы өткен жылы жиырмаға жуық мемлекетке сатылғаны белгілі болды. Олардың арасында сөз басында аталған елдермен қатар Швеция, Жапония, Израиль, Үндістан мен Түркия да бар. Бірақ, оларға сатылған мұнай көлемі онша көп емес.

ДереккөзKazNews

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді

Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді.

Aqyl Battle — жүктеуден PUBG-ды басып озған қазақша мобайл ойын

Aqyl battle – мобайл қолданба форматындағы интеллектуал ойын. Авторы Айболат Құлатай елімізде бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен IT жобасы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының қолынан кімдер шен алды?

Президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты

Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.