Air Astana қысқы жұмыс кестесіне көшеді

Биылғы маусымда Air Astana келесі бағыттар бойынша апта сайын ұшатын рейс сандарын көбейтті:

  • Алматы – Бангкок – Алматы (5-тен 7-ге дейін);
  • Астана – Бангкок – Астана (3-тен 4-ке дейін);
  • Астана – Дубаи — Астана (4-тен 5-ке дейін).

Астана — Дели- Астана бағытында аптасына ұш рет қатынайтын және Орал — Франкфурт — Орал бағытында аптасына бір рет шығатын тікелей рейстер ашылды.

2 желтоқсаннан бастап Алматы — Хошимин — Алматы рейсі жаңарып, сәрсенбі және сенбі күндері тасымалдайтын болады.

Биылғы қыста 21 елге, соның ішінде ТМД-дағы алты ел (Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина) мен Грузияға, барлығы 41 қалаға (оның 29-ы шетелге) тасымалдар жасайды.

Ішкі рейстер Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Оарл, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Қараганды — барлығы 12 қалаға жасалады.