Бүгін бірқатар облыстарда қар жауады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынды болады, солтүстігі мен батысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, болып, тұман түседі, желдің күші – 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, күндіз жел күшейеді.

Ақмола облысының кей аудандарында түнде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел күшейеді –15-20 м/с, таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында түнде жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version