Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, болып, тұман түседі, желдің күші – 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, күндіз жел күшейеді.
Ақмола облысының кей аудандарында түнде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел күшейеді –15-20 м/с, таңертең тұман түседі.
Павлодар облысында түнде жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.