Соның бірі «Туған жер» бағдарламасына қолдау танытқан кәсіпкер Ақмола облысының Егіндікөл ауданындағы «Сарымсақты» ЖШС-інің директоры Оралбай Глашев. Ол биыл жазда 10 миллион теңге қаржы бөліп, Полтавский селосында стадион салды. Айналасы қоршалып, 150 адамға шақталып жасалған стадионда трибуна орнатылған. Ауыл стадионының аумағынан екі қабатты ғимарат тұрғызылып, оның бірінші қабатында шешініп, жуынатын орын, екінші қабаты жабық трибунаға айналдырылған.
Сонымен бірге ауыл жастарына арнап кәсіпкер 250 миллион теңгеге мәдени-демалыс орнын салып бергенін де атап өткен артық болмас. Онда қыс айларында жастардың түрлі спорт ойындарын ойнап, жаттығуына арналған үлкен спорт және тренажер залы, концерт залы, кітапхана бар.