Таратылған мәліметте жобаның авторы ретінде Окоши Кенсуке көрсетілген.
«Арнайы жобаның авторы ретінде танымал жапондық журналист Окоши Кенсуке болды. Осы жылдың шілде айында Қазақстанға жапондық телеарнаның түсірілім тобы келіп, еліміздің Атырау, Қарағанды, Семей, Ақтау, Алматы және басқа да облыстарына сапармен барып қайтқан болатын. Аталмыш жобада жапондық әріптестер мемлекетіміздің дамуы жайында, қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен көрсетті. Жапония журналистерінің айтуынша, бұл Қазақстан жайлы жапондық телевизияда көрсетілген ауқымды бағдарлама», — деп жазылған.
Сондай-ақ жоба аясында бағдарламаның тұтастай бір бөлігі «QAZAQSTAN» Республикалық телерадиокорпорациясының қызметіне арналған.
Айта кетейік, «NHK» Жапон телерадиотарату корпорациясы жапондық және әлемдік ақпараттық кеңістікте жетекші БАҚ-тың бірі болып саналады. Телерадиокорпорация құрамында 8 аймақтық орталық және ел ішінде хабар тарататын 54 станса бар.