Басты бетЖаңалықтарҚаңтардың алғашқы...

Қаңтардың алғашқы аптасында Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Оның айтуынша, желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында жерасты дүмпуінің белсенділігі артады.

«Ең әуелі, Алматы тұрғындары сейсмоқауіпті аймақта тұрып жатқанын естен шығармағаны жөн. Яғни, бұл жер сілкінісі кез келген уақытта болуы мүмкін деген сөз. Ғылымның қазіргі деңгейі бізге жер сілкінісі бір сағат немесе бір тәуліктен кейін болады деп нақты айтуға мүмкіндік бермейді.Мен қазір бізде бәрі тыныш, жер сілкінісі болмайды деп айта алмаймын. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында жерасты дүмпуінің белсенділігі артады. Бұл кезең біз үшін ең қауіпті. Бірақ жойқын зілзала болмайды», — деді спикер.

Сейсмикалық толқын таулы аймақтарда басталады деп болжануда.

«Мәселе мынада – біздің ғимараттар қатты жер сілкінісіне шыдай ала ма? Шыдамайды. Себебі ғимараттарды салу кезінде сейсмикалық төзімділік ескерілмеген. Қазір қалада мерзімі өткен ескі үйлер өте көп. Жаңа үйлер салып жатыр. Бірақ олардың 9-10 балдық дүмпулерді ескеріп жатқанына күмәнім бар. Неге дейсіздер ғой? Мен Жапония, Қытайдың зілзала ошақтарында талай болдым. Былай қарасаң, ғимараттарды салу кезінде барлық талап ескерілген, алайда 9-10 балдық дүмпуден кейін үйлер жермен-жексен болады немесе қисайып қалады, ал рельстер лентаға айналады», — дейді сарапшы.

Сейсмология институты зертханасының меңгерушісі Әбдірахман Курскеев егер 9 балдық зілзала болса, онда 300 000-ға жуық алматылық қаза табуы мүмкін екенін айтты.

«Жер қыртысының белсенділігі Жаңа жыл қарсаңында басталып, 10-15 қаңтарға дейін созылады. Алайда бұл кезеңде бірнеше әлсіз жер сілкінісі болады. Бірнеше әлсіз жер сілкінісі қысымды түсіріп, күшті зілзала қаупін азайтады. Жағдай осылайша жеңілдейді деген үміттемін, бірақ күшті зілзала туғызатын қуатты да көрмей тұрмын», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, биылғы жылы 9 тамызда Алматыда 4 балдық жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары жерасты дүмпуін таңғы 5:30 шамасында сезді.

ДереккөзInformburo.kz