Үш жылдай шағын ғана жалдамалы пәтерде тұрған Елеуовтер отбасы көптен күткен қуанышқа кенеліп, көшіп жатыр. Алихан мен Маликаның бар жиған дүниесі — бес баласы. Солардың бақыты мен болашағы үшін өмір сүреді. «Гринбас» компаниясы ұсынған автобусқа тиелген азық-түліктің басым бөлігі — жомарт азаматтардың әкелген көмегі.
Қаратөбе көшесіндегі № 42 үйдің ауласы адамға лық толы. Баспаналы болған Елеуовтер отбасының қуанышына ортақ болғысы келгендер құр алақан келмепті. Көшіруге автобус ұсынған «Гринбас» компаниясының басшылығы балаларға ортопедиялық төсеніштері бар бес кереует тарту етті. Сонымен қатар көлік компаниялары да өз үлесін қосып, түсқағаздар бумасын жеткізді.
Аптаның соңына дейін мейірімді жандар Елеуовтер отбасына мұздатқыш, кір жуатын машина жеткізіп салады. Ал «ҚазТрансГаз» компаниясының ұжымы асханаға су жаңа газ плитасын орнатып береміз деп уәде етті. Осылайша жұмыла көтерген жүк жеңіл болып, көмекке мұқтаж отбасы балаларының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалды.
Алланың нұры жаусын!
Үкіметтің жайы жетпеді пəтер алып беруге?
Барлығының қамқорлығына шексіз рахмет. Жаксылыққа жақсылық тек Алладан қайтуын тікелеймін. Үй алып берген жомарт жанға тек шексіз алғыс. Назарбаев пен Мәсімов халқын елемеседе, елім деп елжіреген ел азаматтарының көмек бергеніне дән ризамын. Осындай абзал азаматтар көп болғанға жазсын!
Коныс кутты болсын!!! Иши куаныш пен сабилердин кулкисине толы болсын.
Осындай жомарт азаматтар мен азаматшалар коп болса екен
Оте куаныштымын коп рахмет Алладан кайтсын жаксылыгыныз бутин бир отбасынын проблемасы шешилди алакай осындай адамдар коп болсын
Казак халкы ардайым осылай биригип, уйымдасып, бир жагадан бас, бир женнен кол шыгарып колдау корсетсе бизден аскан мыкты, берекели халык болмас еди. Осындай жаксы адамдар елимизде коп болса екен. АЛЛА разы болсын!!!
Осындай жомарт жандарға Алланың нұры жаусын!
Осылай кəсіпкерлер, ауқатты азаматтар осындай жанұяларға көмек көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. …
МащАллаһ Аллаһу Акбар Алһамдулиля БаракАллаһуФикум,
Откендеги казинода 40.000 долларын уткызып алган касипкерде, акшасын далага шашканша, муктаж жандарга комектессе болар еди.
енди бир касипкер ишине кушти кылып ремонт жасап, дуние-мулкин алып берсе, катып кетер еди.