Жамбыл облысы Тараз қаласынан қатысқан қазақстандық журналис, «Жамбылспорт» телебағдарламасының авторы Найымбек Бағбанов «Ең үздік телебағдарлама» аталымында осы беделді фестивальдің жеңімпазы атанды. «EuroChem Cup 2017» халықаралық жарысының чемпионы атанған «Алматы-2005» балалар хоккей командасы туралы оның деректі фильмі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Естеріңізге салсақ, ЕуроХим минералды-химиялық компаниясының «EuroChem Cup 2017» жүлдесі үшін ұйымдастырылған Алтыншы Халықаралық балалар хоккей жарысы 2017 жылдың 24-27 мамыр күндері Новомосковск қаласының «Юбилейный» спорт сарайының (РФ Туль облысы) мұз алаңында өткен болатын. Додаға Ресей, Қазақстан, Финляндия, Литва, Германия, Бельгия, Швейцария және Эстония сынды 8 елдің 12 командасы қатысты.
«Алматыдан келген жас хоккейшілер биыл «EuroChem Cup» жарысында өте мықты әрі қызықты ойын көрсетті. Олар Германия және Литва, сондай-ақ, Ковдор, Новомосковск және Салават атынан қатысқан ресейлік командаларды жеңіп шықты. Команданың ойыны тоғыз дүркін әлем чемпионы Владимир Петровтың жоғары бағасына бөленді. Алматылық балалар хоккейі туралы сюжет үшін Владимир Петров өміріндегі соңғы сұxбатын берді», — деп атап өтті «ЕуроХим» минералды-химиялық компаниясының қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаментінің директоры Владимир Торин. Сондай-ақ, ол «ЕуроХим» компаниясы қызмет жасап жатқан шағын қалалардағы әлеуметтік бағдарламаларды, соның ішінде хоккей спортын қолдау үшін жыл сайын 18 млн. АҚШ доллары бөлініп отыратынын атап өтті. «Біз Жаңатас және Қаратау қалаларында да ауқымды спорт бағдарламаларды дамытатын боламыз. Келесі жылы біз Қазақстанның осы қалаларынан жас жігіттерді халықаралық жарысымызда күтеміз», — деп қосты Владимир Торин.
Компания туралы анықтама
EuroChem Group AG — негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания. Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.
ЕуроХим компаниясы 2008 жылы «Сары-Тас» АҚ мемлекеттік акциялар қоржынын сатып алған уақыттан бері Қазақстанда қызметін жүргізіп келеді. Сол кезеңде зауыттың іссіз тоқтап тұрғанына 15 жыл болған-тын. Компания барлық берешектерді, салықтар мен зейнеткерлік аударымдарды төлеп, жұмысшылар өз еңбекақыларына қол жеткізді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС жұмысын бастады, ал 2013 жылы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС пайда болды.
Бурбаева Бақтыгүл