Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда бағаны...

Көкшетауда бағаны тұрақтандыруға қатысты «Көкше өнімдері» жобасы басталмақ

Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ы ұсынған жобаны талқылауға арналған мәжілісте  айтылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Есіл» ӘКК ҰҚ» АҚ-ы басқармасының төрағасы Қазыбек Ескендіровтің айтуынша, жоба ағымдағы жылдың 1-ші қарашасынан бастау алады.

Бүгінгі күнге дейін облыс орталығының 12 ірі сауда орындары жаңа жобаға қатысуға келісім берсе, жуық арада олардың қатары 20-ға жетеді. 

Жобаға 13 өнімнің түрін шығаратын 100 астам ауыл шаруашылығы туараларын өндірушілер қатыстатын болады. Қазірдің өзінде оның 35 келісімшарт жасалынған.