Сауд Арабиясы шөліне роботтар мекен ететін қала салынады

Сейсенбі күнгі жарияланған ақпаратта Сауд Арабиясы Корольдігінің ханзадасы Мұхаммед бин Салман аль-Сауд Қызыл теңіздің жағалауында инновациялық қалашық құру жоспарларын жариялағаны туралы жазылған.

Сауд Арабиясы Корольдігінің ханзадасы Мұхаммед бин Салман аль-Саудтің айтуынша, елді мекен NEOM деп аталады.

«Бастапқы кезеңде жобаға салынатын инвестициялар 500 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қаражат Сауд Арабиясы үкіметімен, еліміздің егемен қорымен және жеке инвесторлармен бөлінеді. Құрылыс жоспары Сауд Арабиясы мен Мысырды байланыстыратын Қызыл теңіз арқылы өтетін көпір салуды қамтиды. Қаланың ауданы 26 мың шаршы км құрайды», — деп жазылған.

Айта кетейік, жаңа мегаполис мысырлық Шарм-эш-Шейх шипажайына жақын жерде, Қызыл теңіз бен Акаб шығанағы жағалауының 25 мың шаршы километр аумағында орналасатын болады.

Дереккөзlenta.ru