Елімізге қандай мамандар жетіспейтіндігі белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының директоры Айнұр Айыпxанова бұл олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік білім беру гранттарын дұрыс бөлу керек екенін айтады.

Оның айтуынша, республикамыздағы ең тапшы қызметкерлер неонатологтар, анестезиологтар және педиатрлар.

«Денсаулық сақтауды дамыту орталығында жұмыс істейтін дәрігерлер және басқа да қызметкерлердің саны, қызмет түрі бойынша есеп жүргізеді. Сол есеп бойынша ең тапшы қызметкерлер – жаңа туған нәрестелерді емдейтін неонатологтар, қарқынды реанимация қызметін көрсететін анестезиологтар және де жалпы педиатрлар. Сондай-ақ кейбір жеке мамандықтар бар», — деді Айнұр Айыпxанова.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы бастамасымен соңғы 3-4 жылда кадрлар обсерваториясы осындай болжам жасау және есептеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұның себебі де жоқ емес.

«Мемлекет өз тарапынан ЖОО-ға және орта кәсіптік оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранттарын бөледі. Сол гранттарды жылда жәйдан-жәй таратпай, нағыз тапшы мамандықтарға беру үшін осындай қызметті жасап отырмыз. Тапшылықты жоюға тырысамыз», — деп мәлімдеді Айнұр Айыпxанова.

Дереккөзbaq.kz