Басты бет Жаңалықтар Боксшы Айдар Шәрібаевтың қарсыласы белгілі болды

Боксшы Айдар Шәрібаевтың қарсыласы белгілі болды

Боксшының келесі жекпе-жегі Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы "Foxwoods Resort Casino" кешенінде өтеді.

©Vesti.kz

Алматылық боксшы Айдар Шәрібаев (6-5,5 КО)  28 қазанда кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы — колумбиялық Карлос Падилла Меза (16-6-1, 10 КО).

Кәсіпқой боксқа 2010-шы жылы келген 28-жастағы Карлос Падилла осы уақытқа дейін 23 жекпе-жек өткізіп, соның 16-сында жеңіске жеткен. Сондай-ақ, 6 кездесуінде қарсыластарына есе жіберіп, біреуінде тең түскен.

Қарсыласы туралы Айдар Шәрібаев енді білгенін айтты.

«Қарсыласымды бүгін ғана біліп жатырмын. Соңғы кездесуін осы жылдың тамыз айында Америкалық Остин Дулаймен өткізіпті. Тәжірибесі өз алдына, өте төзімді екен. Қара күшке ие қара жігіттің осал тұстарын да байқадым. Енді барлығын шаршы алаң көрсетеді», -дейді Айдар Шәрібаев. 

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізген Айдар Шәрібаев барлығында жеңіске жеткен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version