Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық ғалым Ресей СІМ марапатына ие болды

Қазақстандық ғалым Ресей СІМ марапатына ие болды

Белгілі қазақстандық филолог, профессор Нұрсұлу Шаймерденова Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің «Ықпалдастығы үшін» медалімен марапатталды.

Бұл туралы Қазақстандық Ресей (кеңес) жоғары оқу орындары түлектері қауымдастығының президенті Айбол Арғынғазинов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Аталған марапат қазақстандық ғалымға әлемдік славистика ғылымына, тіларалық байланыстар, тілдер мен мәдениеттердің өзара үнқатысуына қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Шаймерденова — Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, Қазақстандық Ресей (кеңес) жоғары оқу орындары түлектері қауымдастығының құрметті президенті.

Профессор Н. Шаймерденова 250-ден астам ғылыми еңбектің, қазақ, орыс, ұйғыр мектептеріне арналған орыс тілі оқулығының, 10-нан аса монографияның, оқу құралдарының авторы. Ғалымның жетекшілігімен 9 ғылым докторы, 27 ғылым кандидаты әзірленген.

Отандық ғалымның еңбегі Ресей Федерациясының мемлекеттік наградасы — Пушкин медалімен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Г.Х.Андерсен атындағы сыйлығымен атап өтілген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version