Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

1. Лимон + жалбыз

Жалбыз табиғи антибактериалды өсімдік болса, лимон күш-қуат беріп, иммун жүйесін нығайтады. Сусынды дайындау үшін жалбыз жапырақтарының үстіне қайнаған су құйып, жарты лимонның шырынын қосасыз.

2. Лимон + анар

Анар – күнделікті тұтынуымыз тиіс дәрумендердің 40 пайызын құрайды! Қабынуға қарсы қасиетке ие болғандықтан тұмау, суық тию т.б вирустық ауруларды болдырмайды.

3. Лимон + зімбір

Зімбір зат алмасуды, асқорытуды жақсартып, иммунитетті нығайтады. Зімбір тамырының аз бөлігін майдалап турап үстіне қайнаған су құйып, лимон шырыннын қосыңыз. Бал қосып, сусынды тәтті етіп алсаңыз болады.

Дереккөзjastar.kz