ЕАЭО үкімет басшыларының отырысында қырғыз-қазақ шекара мәселесі талқыланады

Қырғызстан мен Қазақстанның премьер-министрлері Сапар Исаков пен Бақытжан Сағынтаев Ереванда өтетін ЕАЭО үкімет басшыларының отырысында келіссөз жүргізбек.

Екі ел басшыларының кездесетіні жайында ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та, Қырғызстан үкіметініғ баспасөз қызметі де растап отыр.

Кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде шекара, көлік, фитосанитарлы және мал дәрігерлік бақылау, кеден мәселелері және ЕАЭО пен ДСҰ ережелері талқыланбақ.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Астанада өткен екі елдің премьер-министрлерінің кездесуі кезінде ортақ «жол картасын» әзірлеуге байланысты жұмыс тобы құрылған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version