Ер мен әйел үйленбей тұрып бір-біріне қоюы тиіс сұрақтар

Жігіттің қызға қоятын сұрақтары:

1. Дінімізде әйел адамға басқа ер адамдардың көзінше ашық-шашық киініп жүруге тыйым салған. Оған қалай қарайсыз?

2. Егер отбасында қандай да бір қиыншылық кездессе (ақша жетпесе, қалаған киіміңіз бен тамағыңызды жей алмасаңыз) соған шыдай аласыз ба?

3. Әйел мен ер адам сұлулық немесе байлықтары үшін емес, жан сұлулығына қарап үйлену керек дегенге қалай қарайсыз?

4. Әйел күйеуінің айтқандарын орындап, оған бағынуы керек дегенге көзқарасыңыз қандай?

5. Ерлі-зайыптылардың арасында реніш, түсініспеушілік болып қалса оны шешудің жолдары қандай деп ойлайсыз?

6. Егер адам өз қателігін түсініп, кешірім сұрап тұрса оңай кешіресіз бе?

Қыздың жігітке қоятын сұрақтары:

1. Ер адам – отбасының асыраушысы, әйелі мен бала-шағасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті ме?

2. Күйеуі әйеліне қол көтере ала ма?

3. Әйелдің жұмыс істеуіне қалай қарайсыз?

4. Отбасындағы шаруалар мен бала тәрбиесі тек әйелдің мойнында ма?

Дереккөзislam.kz